БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ


1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысының, Төлеби ауданының білім бөлімінің «Аяулым»  бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны   
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зертас елді мекені,  Еламан-Сауран 8 үй  
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон 8 705 857 43 91                                                          электронды поштасы togzhan.usenova@bk.ru
webсайт: https://aiaulym-edu.kz/  
инстаграм :https://www.instagram.com/reel/C1RAsOzC3XL/?igsh=MWtoZjR4MGkyb252MQ==
фейсбук: https://www.facebook.com/share/p/Wm6hCXQU9fkWEwrn/?mibextid=gi20mg
Ютуб канал:https://youtube.cjm/@balabagshazertas?si=gS49vEJgSLQGu_j5
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Саурбаева Улболсын Нурлановна Түркістан облысының білім басқармасының, Төлеби ауданының білім  бөлімінің басшысы 2023 жыл қазандағы№548-ж/қ бұйрығымен тағайындалды.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 12.09.2023жылы өткен. БСН 100440004473, алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 06.04.2010жыл  Кәсіпорын жарғысы Төлеби аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі  2023 жыл. 12желтоқсан Тіркеу  № 145-1959-09-НАО
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия  29.10.2010 жыл №0053881 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы
7Құрылған жылы2010  жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік
9Топтар саны6 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым; ІІ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпенЖас ерекшелігі (3 жастағы балалар, 4  жастағы балалар,5 жастағы балалар)   Ортаңғы топ Ересек топ Мектеп алды даярлық тобы
14МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 150 балаға арналған 07.08.2017 жылы №19-30-16-4-13 №X.04.X.KZ86VBS00104995 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты типтік. Балабақша 150 орындық, 6 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Алты топ жұмыс жасайды.  «Балаби» отраңғы  тобы, «Балдәурен» ортаңғы тобы жас ерекшелігі  (3 жастағы балалар) , «Балауса» ересек тобы, «Болашақ» ересек тобы жас ерекшелігі (4 жастағы балалар), «Балажан» мектепалды даялық тобы, «Тұлпар» мектепалды даярлық тобы жас ерекшелігі (5 жастағы балалар). Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, музыкалық зал, әкімшілік бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі пеш арқылы табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау орындығымен,гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы және жазғы бассейн бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші кабинеті

-Әдіскердің кабинеті

-Шаруашылық меңгерушісінің кабинеті

-Медбикенің кабинеті

-Оқшаулау бөлмесі

— Теледидар – 4 дана;

— Ноутбук — 2 дана;

— Принтер-3 дана. Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», білім салалары бойынша «Дамытушы орталықтар» жасақталған.